| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Консультациялық пункт | |
| 2 | Жоспар 2024-2025 | |
| 3 | Бұйрық 2024-2025 |
Консультациялық пункт жұмысын жалғастыруда! Құрметті ата-аналар! Біздің балабақшада ата-аналармен тығыз байланыс орнату мақсатында меңгеруші А. Б. Пангерееваның @aiagozbulatovna қабылдауы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қабылдау барысында туындаған сұрақтар мен мәселелер жан-жақты талқыланып, тиімді шешу жолдары қарастырылуда. Сонымен қатар, консультациялық пунктіміз өз жұмысын белсенді түрде жалғастыруда. Бұл пунктте сіздер тәрбие, даму, тәртіп пен бейімделу сияқты түрлі тақырыптар бойынша білікті мамандардан тегін кеңес ала аласыздар. Біз үшін әрбір бала мен ата-ана маңызды! Ашық диалог – өзара сенім мен табысты тәрбиенің кілті. Барлық сұрақтармен балабақша меңгерушісіне немесе консультациялық пунктке хабарласыңыздар! #кп #консультациялықпункт #ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы #кеңестер #атааналар #балабақша
Консультатциялық пункт жоспары негізінде ата-аналардан "Сіздің балаңыздың қызығушылығы қандай?" тақырыбында балабақша психологы сауалнама алып,ата-аналардың сұрауы бойынша кеңес берді. Психолог: Чуйтбаева С.Б
https://gaukhar-temir.edugov.kz/kz/konsultatsiyaly-punkt.html#sigFreeId47516b4eea

Гаухар балабақшасында 2024 жылдың қараша айында мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған ата - аналарға darabala.kz ақпараттық жүйесі арқылы кезекке қою,жолдама алу жөнінде түсіндіріліп әдістемелік көмек көрсетілді.

Балабақшамызда конституциялық кеңес беру пунктінің жоспары негізгінде балабақша психологы ата - аналардан сауалнама алып, ата - аналардың сұрауы бойынша кеңес берілді.







